қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2012

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінде 2012 жылғы 11 мамырда «Ашық есік» күні аясында 11 сынып оқушылары мен тарихшы болғысы келетін талапкерлер арасында пәндік олимпиада өтті.  Бұл шара факультетімізде дәстүрлі түрде 11 сынып оқушылары арасында жылда өткізіліп отырады. Шараға белгілі тарихшылар, факультеттің профессор-оқытушы құрамы және 11 сыныптың оқушылары мен ұстаздары қатысты. «Ашық есік» күнінің ашылу салтанаты универсиет және факультет тарихы жайында фильм көрсетіліп, факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырудан басталды.

«Ашық есік» күнінің аясында өткен пәндік олимпиаданың мақсаты - мектеп оқушыларын тарих факультетіне шақыра отырып, факультеттің оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарымен таныстырып, еліміздің төл тарихына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың болашақта тарихшы мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беру. Олимпиада 2 (екі)  тур бойынша жүргізілді.  Бірінші турда Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы пәндерінің материалдары бойынша тест (50 сұрақ) арқылы оқушылардың білімін тексеру. Екінші турда Эссе (жазба жұмысы) жазу арқылы оқушылардың білімін бағалау жүзеге асты. Екі турдың нәтижесінде оқушылардың танымдық және қисындық қабілеті тексерілді.

Олимпиадаға әр жерден келген 73 мұғалімнің жетекшілігмен 274 оқушы қатысты. Атап айтсақ, Алматы қаласының бірнеше мектептерінен 56 мұғалімнің жетекшілігімен 224 оқушы және Алматы облысының Іле, Қарасай аудандарының бірқатар мектептерінен 17 мұғалімнің жетекшілігімен 50 оқушы қатысты.

Бұлардың арасынан 170 оқушы іріктелініп алынды. Бақ сынаған аламанда  I-орынды Алматы облысы Іле ауданы, Чапай ауылының № 10 орта мектебінен келген Өмірзақов Есет жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып табылып, 2 турда да өзінің білімділігін дәлелдеп, 1 жылдық оқу ақысы мөлшерінде ректор грантын ұтып алды.  Ал екінші орынға Алматы қаласы, Түрксіб ауданының  № 162 мектеп-гимназиясынан келген Абдагимов Дидар мен Алматы облысы, Іле ауданы, Ыдырыс Ноғайбаева атындағы № 18 орта мектебінен келген Лебек Дулат иеленсе, үшінші орынды Алматы қаласынан Алатау ауданының № 154 орта мектебінен келген Батталов Данабек, Жетісу ауданының № 129 орта мектебінен келген Мұхтарұлы Елдар және Алматы облысы, Іле ауданы, Ыдырыс Ноғайбаева атындағы № 18 орта мектебінен келген Жантуреева Гүлнар иеленді.

Сайыс жеңімпаздары мен қалған қатысушылардың барлығына жеңілдік көрсетілген сертификаттар тапсырылып, үздік оқушы дайындағандары үшін жетекші-ұстаздарына алғыс хаттар берілді.

«Ашық есік» күні аясында өткен бұл пәндік олимпиадаға қатысқан 274 мектеп бітірушілердің бәрі біріңғай ұлттық тестте төртінші пән ретінде «Жалпы тарихты» таңдаған. Бұл әрине қуантарлық жағдай, жастарымыздың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын көрсетеді.

   Бұл шараның ерекшелігі - мектеп бітірушілердің арасында тарих пәнінен олимпиада өткізумен қатар тарихшы ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Иновациялық педагогикалық технологияны енгізу негізінде құзіреттілігі бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді.