қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2023

Ректор республикалық фестиваль жеңімпаздарын қабылдады

 

2023 жылдың 4 мамырында Абай университетінің Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов Семей қаласында Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен өткен Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Адамдық борышың...» республикалық студенттік театрлар фестивалінде жүлделі орындарға ие болған студенттік театр ұжымдарымен кездесті.

 

Республикалық фестивальде жоғары оқу орнымыздың намысын қорғаған «Үркер» студенттік театры жүлделі 1-ші орынды иеленсе, «Шың» студенттік театрының актрисасы Дәулет Айгерім «Үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды.


Жеңіспен оралған университетіміздің шығармашыл жастары өздерінің алған тәжірбиелерімен бөлісіп, университет басшылығына қолдау көрсеткендері үшін өз алғыстарын білдірді. Кездесуге әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов та қатысып, театр ұжымдарына сәттілік тіледі.

 

Кездесу соңында ректор студенттік театр қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін «Үркер» және «Шың» студенттік театрларын алғыс хаттармен марапаттады. Одан кейін келесі жылға арналған студенттік театр жобалары талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі