қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.05.2023

«Математика сабағында күрделі есептерді шығарудың тиімді жолдары» семинары

 

2023 жылғы 27 сәуірде Меркі аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында математика сабағында оқушылардың пәндік білімін тереңдету, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін меңгерту, тәжірибе алмасу мақсатында «Математика сабағында күрделі есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.


Семинарға қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен профессор Ахтай Біргебаев және доцент Алпыс Папышев, Тараз қаласы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі «Үздік педагог-2022» конкурсының жеңімпазы Айбек Мұратбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева, математика-физика пәндерінің әдіскері Айбек Сақыбай және аудан мектептерінің математика пәнінің мұғалімдері қытысып, өзара тәжірибе алмасты. Мектептің бірінші қабатында «Жаңғыру жолында: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» көрмесі ұйымдастырылып, мектеп өнерпаз оқушыларынан құралған оркестр күй тартып, өз өнерлерін көрсетті. Семинарға келген қонақтар көрмеге қызығушылық танытты. Өздерін қызықтырған көрмеге назар аударып үлкен ден қойды. Осы іс-шара аясында мектебімізде үлкен конференц-залы ашылып лентасы қиылды. Семинарды мектеп-гимназия директоры Мадина Бексултанова ашып, мектеп өмірімен, осы уақытта жеткен жетістіктермен таныстырып өтті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева семинарға қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар мектеп-гимназиямыздың математика пәнінің мұғалімдері Манат Бекжанова мен Гүлсара Келгенбаева баяндама жасады. Келген қонақтар да баяндама жасап, практикалық тұрғыдан есептер шығарып көрсетті. Семинарға қатысқан ұстаздар алған әсерлерімен, түйген ойларымен бөлісіп, ұжымға өз тілектерін мен рақметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл іс-шара жас мамандар үшін таптырмас көмек болды.

 

  alt=