қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.05.2023

Академиялық ұтқырлық аясындағы сабақтар


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасы мен Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (МҚПУ, Мәскеу қ.) білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шартты іске асыру аясында МҚПУ студенттеріне арналған сабақтар өткізілді.

 

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы (Аренова А. Х., Сафаргалиева А. И., докторант Люфт А. В.) серіктес жоғары оқу орнының оқу жоспарлары мен пәндеріне сәйкес 2 және 4 курс студенттері үшін 23.01-06.05.2023 ж. (15 апта) аралығында «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен» тақырыптарында онлайн-сабақтар (дәрістер оқу, практикалық сабақтар, сондай-ақ шеберлік сыныптары) өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=