қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.05.2023

«Менің университетім» түлектермен кездесу

 

95 жылдық тарихы бар Абай атындағы ҚазҰПУ тек қазақтардың ғана емес, елімізде тұратын өзге де көптеген этнос өкілдерінің басын біріктірген оқу ордасы екені бәрімізге мәлім.

 

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне және білім ордамыздың 95 жылдық мерейтойына орай Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасымен Түлектер қауымдастығының бірлесе ұйымдастыруымен «Менің университетім» тақырыбында түлектермен кездесу өткізілді.

 

Кездесуге Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Георгий Кан, №33 мектеп-лицей директоры Нұрлан Алиев, М. Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия директоры Талғар Төреқұлов, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Хуршидам Масимова және білім беру орындарында қызмет істеп жүрген ұстаздар қатысты.

 

Іс-шараны университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ашты. Кездесу концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Георгий Кан мен Талғар Төреқұлов кездесудің барлық қатысушыларын жылы лебіздерімен құттықтап, студенттік өмірдің ең қызықты сәттері туралы айтып берді. Сонымен қатар, студенттерге өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер берді. Содан кейін ашық микрофонға кезек берілді.

 

Іс-шара барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырған «GYLYM JANE BILIM-2023» халықаралық ғылыми конференциясында жеңімпаз атанған студенттер марапатталды.

 

Абай университеті өз түлектерімен мақтанады!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=