қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.05.2023

Абай университеті басшылығының Слупск қаласындағы Помор академиясының өкілдерімен кездесуі

 

Бүгін, 2023 жылғы 11 мамырда Абай университеті басшылығының Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов пен Помор академиясының ректоры Збигнев Осадовский, сондай-ақ екі университеттің проректорлары қатысты.

 

Кездесуде екі университет арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, студенттер алмасу мүмкіндігі, қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, бірлескен жобалар мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері талқыланды.


Дархан Біләлов білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап, мұндай ынтымақтастық екі университеттің білім беру бағдарламасының көкжиегін кеңейтуге және студенттердің тәжірибесі мен жетістіктерін жақсартуға жағдай жасауға көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ ректор Помор академиясы мен Абай университетінің ынтымақтастығы Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени байланысты нығайтуға ықпал ететінін айтты. Болашақта жемісті ынтымақтастықтың жалғасуына және университеттерге білім мен ғылым саласындағы білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беретін жаңа бастамалар мен жобаларды дамытуға қолдау көрсететінін атап өтті.


Помор академиясының өкілдері Абай университетімен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, болашақта серіктестіктің табысты дамитынына сенім білдірді. Өз кезегінде, Абай университетінің өкілдері екі университет арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын және оларды дамыту жөніндегі нақты қадамдарды талқылауға дайын екендігін айтты.

 

Жоғары оқу орындары арасындағы белсенді ынтымақтастық 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ынтымақтастықтың негізгі бөлігі - академиялық ұтқырлық. Осы уақыт ішінде 55-ке жуық студент Польшаға оқуға жіберілді. Жыл сайын Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Помор академиясының ғалымдары дәріс оқуға шақырылады. Университетіміздің мәдени-ағартушылық бастамаларының бірі - қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай мұрасын кеңінен насихаттау. Мәселен, 2019 жылы Помор академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылым орталығы ашылды.

 

Кездесу соңында Абай университетінің басшылығы қонақтарға достық және нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс ретінде арнайы сыйлықтар табыс етті. Поляк жоғары оқу орнының өкілдері Абай университетінің басшылығына нәтижелі кездесу үшін алғыстарын айтып,  екі университет арасындағы серіктестіктің одан әрі дамитынына сенім білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті