![]()
15.05.2023
Халықаралық жас оқытушылар конкурсының жеңімпаздары анықталды
Абай университетінде оқу орнының 95 жылдығына арналған «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің жас оқытушысы: кәсіби даму сатылары» тақырыбында ТМД елдерінің педагогикалық жоғары оқу орындары жас оқытушыларының халықаралық форумы өтті.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов, Ресей білім академиясының (РБА) академигі, профессор, МПМУ бірінші проректоры Виктор Дронов, профессор, Педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығының атқарушы директоры Эдуард Никитин қатысты. Модератор - стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева.
Іс-шара барысында Дархан Біләлов білім беру мемлекет дамуының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі екенін атап өтті. Сондықтан білім берудің мәселелері мен болашағына, оқытушылардың біліктілігі мен тәжірибесіне көңіл бөлу педагогикалық университеттердің алдында тұрған маңызды міндеттер екенін айтты.
Форумда Педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығының атқарушы директоры Эдуард Никитин және Жас оқытушылар кеңесінің вице-президенті Кристина Зайцева (Санкт-Петербург дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру академиясы), Абай атындағы ҚазҰПУ Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы Шахислам Лайсханов және Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады.
Іс-шара «Оқытуды үйренеміз» III Халықаралық жас оқытушылар конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен және осы форумға қатысу туралы сертификаттарды табыстаумен аяқталды.
15.05.2023 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz ![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|