қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Жүндібаева Тұрархан Нұрмұханқызы

Жүндібаева Тұрархан Нұрмұханқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ  

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Алматы облысы Көксу ауданындағы Талапты орта мектебінде 1976-1984 жылдар аралығында оқыған. Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы Жаркент педагогикалық училищесінде 1984-1988 жылдары білім алған.

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына 1988 жылы түсіп, 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықты. 

І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында 1993-1997 жылдары оқытушы  болып қызмет атқарды.

1997-1998 жж.  - Абай атындағы мемлекеттік университеттің тәлімгер-зерттеушісі.

1998-2001 жж. - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты.

2001-2007 жж. - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушы.

2007 жылы  «13.00.01 - Жалпы педагогика, білім беру және педагогика тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп  оқытудың педагогикалық негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2007-2009 жж.: - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушы.

2009-2016жж.  - Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға оқытушы.

2017 жылдан осы уақыт аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

Жаркент педагогикалық училищесі

Бастауыш мектеп мұғалімі және аға пионервожатый

1988

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

Бастауыш класстар және бастауыштағы орыс тілі пәні мұғалімі

1993

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

тәлімгер-зерттеушісі

1998

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

аспирант

2001

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Педагогика  

2007

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы

2017

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Педагогика, Отбасы педагогикасы, педагогикалық менеджмент, Қазіргі заманғы білім беру технологиялары, Тәуекел тобындағы балалар мен отбасына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету, Педагогиканы оқыту әдістемесі пәндерінен қазақ тілде сабақ беремін.

Магистратурада: Жоғары мектеп падагогикасы, Педагогикалық өлшемдер SACERS білім беру шарттарын бағалау, Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері, ЖОО интербелсенді оқыту және т.б.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

2011 жылы «Отбасы тәрбиесі мен білім беру ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың негізі ретінде» тақырыбындағы жоғары оқу орнының қолданбалы зерттеу грантына қатысты.

2012 жылы «12 жылдық оқыту моделіне көшу жағдайында педагогикалық кадрларды даярлау бойынша білім берудің типтік бағдарламаларын жасау» атты жобаға қатысып, жобаны жүзеге асыру мақсатында п.ғ.д., профессор Р.К. Бекмағамбетовамен бірге 5В010300 - Педагогика және психология, 5В012300 -  Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану  мамандықтары үшін жаңа білім беру бағдарламаларын жазды. 

2012-2015 жылдары « Орталық Азия елдерінде білім беру менеджменті бойынша оқу бағдарламарын дайындауды жаңарту және дамыту» атты халықаралық  ТЕМПУС жобасы бойынша жұмыстар атқарды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ  ғылыми жобалар конкурсына қатысып, «Қазақстандық отбасы жағдайында мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу үдерісін жаңарту» тақырыбындағы жоба бойынша 01.04.2013-31.12.2013 аралығында жұмыстар атқарды.

Үш мақала импакт-факторы бар журналдарда  жарияланған.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - 1 оқулық, 1 электронды оқулық (Отбасы педагогикасы), 1 оқу құралы, 1-электронды оқу құралы (Педагогикалық менеджмент, 2 оқу-әдістемелік құралы, 3 типтік бағдарламасы(Педагогикалық менеджмент, педагогиканы оқыту әдістемесі және практика), 5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы (2018ж.) 70-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

 


← Кері оралу