қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.05.2023

Атамекен - бір отбасы

 

2023 жылдың 13-14 мамыр күндері университетіміздің 95 жылдық мерейтойына орай және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі «SHANYRAQ» CUP II университетішілік пікірсайыс турнирі өтті.

 

Екі күнге созылған турнирге 32 команда қатысып, екі фракция ақтық кезеңге өтті.Сонымен қатар, турнирге студенттерден басқа 35 оқушы қатысты.«Атамекен» мектеп лигасының мүшесі Болатов Мерей суперфиналға өтті.Үздіктерді анықтау оңай болған жоқ.

 

«Үздік талпыныс» номинациясында «Оазис» фракциясының мүшелері Дүйсенбаев Дастанбек пен Болаткерім Арраяна жеңімпаз атанып, 20 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. «Ең үздік төреші» номинациясы бойынша Ганибаев Базарбек үздік атанып, 20 000 теңгеге ие болды. Университет түлегі Абдул Абдулкәрім «Ең үздік спикер» номинациясы бойынша 40 000 теңге ұтып алды, бірақ ол өз жүлдесін студенттер арасында таратып беруді жөн көрді. Номинациялардың жүлде қорын «Атамекендік» аға буындар тағайындады.


Жүлделі орындардың қорына университет түлектері Құрманбек Жұмағали мен Жүніс Ержан демеушілік жасап, 220 000 теңге қаржылай көмек көрсетті.

 

Турнир қорытындысы бойынша 3 орын иеленген «Көктен жоғары» фракциясы мүшелері Әбдіқайымұлы Дінмұхаммед пен Байтлес Тоғжан 50 000 теңге жүлдемен және университет ректорының дипломымен марапатталды. 2 орынға «Сиддхарта» фракциясы мүшелері Болатов Мерей мен Байгали Альбина табан тіреп, 70 000 теңге жүлдеге ие болып, дипломмен марапатталды. Жүлделі 1 орынды «Мадарама мен Тобирама» фракциясы мүшелері Тасқұл Талғат пен Абдыгалиев Руслан жеңіп алып, 100 000 теңгемен, дипломмен және «SHANYRAQ» CUP II кубогымен марапатталды.


Турнирдің жабылу салтанатында алғыс сөзбен Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ашып, студент-жастарға қолдау білдіріп, қаржылай демеушілік жасаған Ержан Жүніс пен Құрманбек Жұмағалиға және өзге де демеуші болған аға буын өкілдеріне алғысын білдірді.

 

Өз кезегінде Ержан Жүніс «Атамекендік» жастарды турнирдің өтуімен және университеттің мерейтойымен құттықтап, бұл қолдаудың барлығы жастар мен түлектер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, болашақ мамандарда өз білім алған қарашаңырағына қолдау жасау мессенджін дәріптеу екенін атап өтті.

 

Турнир барысында «Атамекендік» түлектер болсын, қазіргі студенттер болсын өздерінің бір отбасы екенін тағыда бір рет дәлелдеді. Университет түлектерінің қолдауымен осы турнир дәстүрлі түрде жылда өткізілетін болады.

 

Демеуші болған барлық аға буын өкілдеріне алғысымыз шексіз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Түлектер қауымдастығы

«Атамекен» ИПК