қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.05.2023

Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Win by ZhGI» салтанатты шара өтті, онда «Qolday» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған жоғары оқу орындары арасындағы республикалық пән олимпиадаларында үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды. Жаратылыстану және география институтының студенттері 2022-2023 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадаларда үздік жетістіктер көрсетіп, өз университетінің беделін арттырды. Іс-шараны университеттің зерттеу ісі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев ашып, жеңімпаздарды жетістіктері үшін алғыс хатпен марапаттады. Институт директоры Куляш Каймулдинова жеңімпаздарға өз алғысын білдіріп, жүрекжарды тілегін айтты. Іс-шара соңында қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күй шертіліп, «Бақыт» спектакілі қойылып, институтымыздың «DEM DANCE» би тобының мың бұралған бишілерінің биімен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=