қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.05.2023

Студенттер спорт лигасында Абай университеті бірінші орын алды

 

Еліміздің бірқатар қалаларының бірнеше жоғары оқу орындарында ҚР Студенттік спорт лигасы өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері аталмыш спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Тоғызқұмалақ» ойынынан ерлер құрама командасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға, ал әйелдер командасы 5-орынға ие болды. Волейболдан және қазақ күресінен жарыстарда ерлер мен әйелдер командалары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде баскетбол ойындары өтіп, ерлер арасында университетіміздің командасы 2 орынға ие болды. ҚР Студенттер спорт лигасына еліміздің 34 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=