қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.05.2023

Менің отбасым - менің Отаным

 

2023 жылғы 15 мамырда Халықарылық отбасы күніне орай Тарих және құқық институтында «Жас ғалым» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобасының жетекшісі, PhD докторы Дария Асымованың ұйымдастыруымен ЖТН №АР15473292 «ХХ-ХХІ ғасырдағы отбасы тарихының ретроспективасы: Қазақстандағы дәстүр мен модернизмнің визуалды болмысы» жобасы аясында «Менің отбасым - менің Отаным» тақырыбында Алматы қаласы мектептерінің қатысуымен фото көрме ұйымдастырылды. Фото көрменің басты мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы тарихымен жан-жақты танысу, отбасының аға буын мүшелеріне сыйласымдыққа тәрбиелеу мен визуалды деректердің не екенін түсіндіру, жастарды ғылымға деген қызығушылығын ояту. Фото көрмеге Алматы қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, № 123 орта мектебі, №55 орта мектебі, №208 мектептері белесене қатысты. Оқушылар оз отбасының тарихын шертетін презентацияларын жеке отбасылық қорда сақталып тұрған фото деректерімен безендіріп, баяндама жасады. Оқушылардың айтуынша, бұл фото көрмеге дайындалу барысында олар отбасыларының аға буын мүшелерінің тарихымен жақынырақ танысып, көптеген жаңа мәліметтермен біле алды. Өз отбасындағы дәстүрлерімен білу арқылы отбасына деген құрметі өсті. Көрме соңында оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс білдіріп, диплом мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=