қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.05.2023

Мамандық таңдау - болашақты таңдау

 

2023 жылғы 19 мамырда Жаратылыстану және география институтында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ж.Қайыпов атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Мамандық таңдау - болашақты таңдау» тақырыбында кездесу өтті.

 

Ұйымдастырушылар - институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бәкіров, кәсіптік бағдар беру жұмысына жауаптылар Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсыбаева, кафедра профессоры Бахадур Абдиманапов.

 

Кездесудің мақсаты - оқушыларға мамандық таңдау жолында кәсіби бағыт бағдар беру және әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктерін айту.

 

Кездесу барысында институт директоры Күләш Қаймулдинова ұстаздық еңбектің қыр-сырымен бөлісіп, институттың жетістіктері, мамандықтары туралы толық ақпараттар берді.

 

Оқушылар оқу лабораторияларын аралап, кафедраларға экскурсия жасады. Мектеп оқушылары институттың жаңадан жабдықталған географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) кабинеті мен химия, биология кафедраларының оқу зертханаларымен танысты. Институт студенттері қызықты химиялық тәжірибелер көрсетті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

 

Кездесудің соңында Абай мұражайына экскурсия жасалынды. Оқушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=