Біздің университет Қазақстан Республикасында 1928 жылы құрылған көне оқу орыны болып саналады.
Оның Мұражайы 1998 жылы құрылған. Оқу орынын алғаш құрған кезде атсалысқан көрнекті қоғам қайраткерлері С. Асфендияров, О. Жандосов, А. Байтұрсынов, С.Сейфуллин. М.Әуезовтың және тағы басқа белгілі адамдардың қолжазбалары мен суреттері осы мұражайда сақтаулы.
Ұлы Отан соғысы жылдарында оқу орнынан оқып майданға аттанған Совет Одағының батырлары М. Ғабдуллин, Қ. Сұранғанов, С. Шәкіров, А. Құсайынов, Р. Тоқтаев, Қ. Хамзин, Л. Жолдасов, В. Береусов тағы басқа ағаларымыздың майдан жолдары бар. Соғыствн кейін осы қара шаңырағымызда қызмет жасаған азаматтарымыздың қолтаңбаларын, суреттерін көруге болады. Мұражай төрт бөлімге бөлінген.
Бірінші бөлімеде университетіміздің жалпы тарихы көрсетілген.
Екінші бөліме қазақ халқының қолөнер тарихынан шығармашылық жұмыстар қойылған.
Соның ішінде мұражай Өнер, мәдениет және спорт институты студенттерінің ши тоқу, киіз басу, ағаш өңдеу, темір өндеу, сүйек өңдеу жұмыстарымен толықтырылғын.
Үшінші бөлімеде графикалық, сызықтық графюра, үй құрылыс макеттері, түсті бояу графика жұмыстары орын алған.
Төртінші бөліме майлы бояу, кескіндеме жұмыстарымен, мүсін өнері туындыларымен безендірілген. Жұмыстардың авторлары көрсетілген.
Университет мұражайын қаламыздың мектеп оқушылары, қала тұрғындары, шетелдерден келген қонақтар көріп, тамашалайды. Мұражай мектеп оқушылары мен студент-жастарға жан-жақты тәрбие беруде маңызды роль атқарады. Университетке алғаш түскен студент жастарымыз осы оқу орны тарихымен танысып, патриоттық тәрбиеде өздеріне үлкен асер алады. Шетелдік қонақтар университет тарихымен танысып пікір алмасып тұрады.
Өнер, мәдениет және спорт институтының бірінші курс пен төртінші курсы студенттері өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен мұражайда көрме ұйымдастырып тұрады. Институт мұғалімдері де өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарын көрмеге қойып студент жастардың өнерге деген көзқарастарын тереңірек түсінуге үлкен үлес қосуда. Жас ұрпақты білім алуға үйретудің еңбекқорлыққа баулуда мұражайдың үлесі зор.
Университет негізін қалауға үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері
Университет мұражайының І залы
Университет мұражайының ІI залы
Университет мұражайының ІІI залы
Университет мұражайының ІV залы
Бірінші бөлімде университетіміздің жалпы қысқаша тарихы көрсетілген.
Екінші бөлімінде Қазақ халқымыздың қолөнер тарихынан шығармашылық жұмыстармен көркемделген.
Үшінші бөлімінде графикалық, сызықтық графюра,үй құрылыс макеттері,түсті бояу графикалық жұмыстары көрсетілген.
Төртінші бөлімінде майлы бояу кескіндеме жұмыстарымен, мүсін өнері жұмыстарымен безендірілген.
|