қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.05.2023

«ҚР жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті дамыту» республикалық форумы


2023 жылғы 30 мамырда «Психологиялық қызмет» секторының ұйымдастыруымен «ҚР жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті дамыту» тақырыбында республикалық форум өтті. Іс-шараны Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов құттықтау сөзімен ашты. Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, 80-нен астам психолог, еліміздің 58 жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы және проректорлары қатысты.

 

Форумның басты мақсаты - еліміздегі жоғары оқу орындарындағы психологтарға студенттер арасында психологиялық жайлы орта қалыптастыруына ықпалдасу, психологиялық сектордың қызметін интеграциялау және мамандар арасында өзара тәжірибе алмасу.

 

Іс-шараның бірінші бөлімінде PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мәншүк Құсайынова «Психологиялық қызметті дамыту және интеграциялау перспективалары» тақырыбында тренинг өткізді. Ол өз тәжірибесімен және студент жастарды зерттеуде психологтарға қажет әдіс-тәсілдермен бөлісті. Тренинг соңында университетіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

 

Іс-шараның екінші бөлімінде университет психологы Саида Қосбай қатысушыларды «Психологиялық қызмет» секторының қызметімен таныстырды, ал психолог Алия Мұсанова «Студенттердің психологиялық портреті» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен бөлісті.

Сондай-ақ форум барысында университет басшылығының қолдауымен психологтар студенттерге арнап құрастырған «Шабыттан» психологиялық дәптері таныстырылды. Ашық микрофон аясында қатысушылар пікір алмасып, ортақ мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.

 

Іс-шара соңында еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар Алматы қаласының мәдени-тарихи орындарын аралады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Психологиялық қызмет» секторы