қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2024

Ғылыми-әдістемелік семинар өтті

 

2024 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтында «Ғылым декадасы» аясында «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы әдістері» ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысын Институт директорының орынбасары М. Мұратғазин алғы сөзбен ашты. Семинарда белгілі ғалымдар,  ҚР ҰҒА академигі Әбжанов Х.М. пен «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Атығаев Н.Ә. баяндамалар жасады. Академик Әбжанов Х.М. өз баяндамасында отандық тарих ғылымының болашағы, ондағы жас ғалымдардың рөлі, «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы» оқытудағы жаңа әдістер туралы ой-пікірімен бөлісті. Ғалым Қазақстан тарихын дәуірлеу, түрік кезеңінің дереккөздерін зерттеу және ғылыми айналымға енгізу тәрізді өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Өз кезегінде профессор Атығаев Н.Ә. тыңдармандарға Қазақ хандығы тарихын зерттеудегі соңғы жетістіктер жайында және тарихи дереккөздерді  аударудағы кемшіліктер туралы баяндады. Әсіресе маманның слайд арқылы көрсеткен ғылыми айналымға жаңа түсіп жатқан парсы тіліндегі дереккөздер студентердің қызығушылығын тудырды. Семинарға Тарих және құқық институтының оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты. Олар өздерін қызықтырған сауалдарына ғалымдардың кәсіби жауаптарын алып, семинардан жақсы әсермен қайтты.

 

  alt=  




Кері оралу