Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасы / Жаңалықтар
10.12.2024
«Алтын Орда – әлем тарихында» конференциясы 2024 жылдың 5 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Алтын Орда - әлем тарихында» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Жошы ұлысының (Алтын Орда) тарихын зерттеуші белгілі шетелдік ғалымдар Ілияс Кемалоғлу мен Ильнур Миргалеев қатысты.
Ілияс Кемалоғлу - Түркияның Мармара университетінің профессоры, Алтын Орда тарихына қатысты бірнеше монографияның авторы: Отношения Золотой Орды с Хулагуидами (Стамбул, 2003; Қазан, 2007), Золотая Орда и Русский Улус: татарское влияние на Россию (Стамбул, 2008; Қазан, 2016), Ярлыки и письма ханов Золотой Орды (бірлескен авторлықта, Анкара, 2017), История татар (Стамбул, 2024) және т.б.
Ильнур Миргалеев - Татарстанның Ш. Марджани атындағы Тарих институтының Алтын Орда және Татар хандықтарын зерттеу орталығының жетекшісі. Ол Алтын Орда және Алтын Ордадан кейінгі хандықтардың тарихына арналған бірнеше монографияның авторы: Политическая история Золотой Орды периода правления Токтамыш-хана (Қазан, 2003), Материалы по истории войн Золотой Орды с империей Тимура (Қазан, 2007), Хан Токтамыш (Қазан, 2011), Золотая Орда: библиографический указатель (Қазан, 2013).
Дөңгелек үстелді «Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Нұрлан Әділбекұлы Атығаев ашты. Татарстан ғалымы Ильнур Миргалеев Алтын Орда тарихына қатысты жаңа деректер мен жаңа көзқарастар туралы баяндама жасады. Ілияс Кемалоғлу өз баяндамасында Түркиядағы Алтын Орда тарихын зерттеу жұмыстары мен осы бағыттағы өзінің ғылыми зерттеулеріне тоқталды.
Шетелдік қонақтардың баяндамалары студенттерге ерекше қызық болды. Оған баяндамашыларға қойылған сұрақтардың көптігі дәлел. Биыл елімізде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен Жошы ұлысының 800 жылдығы аталып жатқанын ескерсек, бұл кездесу студенттердің есінде қалатын маңызды іс-шара болғаны сөзсіз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|