Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
Институт студенттерінің академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері» және студенттер мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы туралы 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Академик С.Қирабаев қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы бүгінгі таңда әлемнің алдыңғы қатарлы 10-нан аса университеттерімен бірлескен келісімшарт негізінде жұмыс жүргізуде. Олардың ішінде танымал Эрасмус+ және Мевлана бағдарламалары бойынша профессор-оқытушылар тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар өзара оқытушы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша маман алмасу, ғылыми тағылымдамалар жүргізу, бірлескен ғылыми жобалар орындау, бірлескен симпозиум, семинар-конференциялар өткізіп, ұдайы байланыстар жүзеге асуда.
|