
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
14.01.2026
Докторанттардың ғылыми семинары өтті
2026 жылдың 12-қаңтарында Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 2-курс докторанттарының ғылыми семинары өтті. Ғылыми семинарда 8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ докторанты Қылышбекова Нұрсәуленің "Прозалық шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың икемді дағдыларын (soft skills) қалыптастырудың теориялық негіздері" тақырыбында және 8D02308-Әдебиеттану ББ докторанты Әділжан Асанәлінің "Қазіргі қазақ прозасындағы рухани әлем және адам экологиясы (2000-2024 жылдар)" – тақырыбында диссертациялық жұмыстарының таныстырылымы өтті. Семинар барысында докторанттар тақырып аясында біршама ғалымдардың еңбектеріне шолу жасап, жеке жұмыс жоспары негізінде атқарылып жатқан жұмыстың барысын баяндады. Сондай-ақ кафедраның порфессор-оқытушылар құрамынан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, зерттеу жұмыстарына байланысты бағыт-бағдар берілді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|