Басты / Аккредитация және рейтингілер / Рейтингілер / Білім беру бағдарламаларының рейтингі / Атамекен
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізеді. Рейтинг талапкерлер мен олардың ата-аналарына, жұмыс берушілерге және білім беру мекемелеріне ақпарат беру үшін оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау мақсатында жасалады. Бұл рейтинг 19 критерий негізінде қалыптастырылған, олардың ішінде: - түлектердің мақсатты перспективалары; - білім беру бағдарламаларының көрсеткіштері; - білім алушылардың жетістіктері; - білім мазмұнын бағалау және ЖОО-ның жалпы көрсеткіштері. Рейтинг әдістемесі жоғары оқу орындарының сарапшыларымен және қоғам қайраткерлерімен ашық талқылау нәтижесінде қабылданды. Рейтинг, ең алдымен, нақты ЖОО-ны аяқтау қорытындысы бойынша олардың алдында қандай мансаптық перспективалар ашылатынын бірден түсінетін білім алушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Рейтинг қорытындыларымен Агенттіктің сайт сілтемесі арқылы танысуға болады: https://atameken.kz/ru/
|