қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.04.2013

 

Информатика бойынша студенттік олимпиада жеңімпаздары

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 10-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында информатика пәні бойынша V Республикалық студенттік олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің командасы қатысып, ІІ орын алғаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Команда мүшелері «5В011100-Информатика» мамандығының студенттері Гибнер Андрей, Баелова Хадиша, Даутбаев Жәнібек.

Олимпиадаға қатысушылар мен команда жетекшілерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!