![]()
19.10.2017
«Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары»
2017 жылғы 18 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика институында «Тұлғатану» орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дана Мұқатованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс өткізлді. Дәріске белгілі абайтанушы ғалымдар, әдебиетшілер, Абайдың ұрпақтары атынан Нұргүл Әлшерқызы қатысты.
М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Ерболат Баятов, Абай атындағы ҚазҰПУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы адами-рухани құндылықтар туралы мазмұнды дәрістер оқыды. Саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Молдағалиұлы Борбасов Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзектілігі, қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8(727)221-85-14
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|