қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.12.2023

 

Құрметті отандастар!


Қымбатты әріптестер және білім алушылар!

 

Баршаңызды егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы, Қазақстанның дамуы мен халықтың әл-ауқатының бастауына айналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Тәуелсіздік - көздің қарашығындай сақтап, қастерлеуге лайықты құнды байлық. Мемлекетіміздің егемендігін, Отанымыздың гүлденуі мен жеріміздің қауіпсіздігін сақтау - әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

 

Бүгінде еліміз жаңа жаңғыру дәуірімен белгіленген елеулі саяси және экономикалық қайта құру кезеңіне аяқ басты. Осы кезеңде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларда маңызды және қарқынды өзгерістер орын алуда. Мемлекеттің табысты дамуының шешуші факторы қоғамның әрбір мүшесінің белсенді қатысуы болып табылады. Біздің мемлекеттің дамуына қосқан үлесіміз еліміздің болашақ гүлденуінің тірегі мен негізіне айналады.

 

Егемен елімізді одан әрі дамыту - алдымызда тұрған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады.

 

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

 

Қазақстанымыз өркендей берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

 

 

Құрметпен, ректор Болат Тілеп