қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.12.2023

Қазақстан: Кеше. Бүгін. Ертең

 

Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы (SDFAM) бір апта бойында студенттерден келіп түскен «Қазақстан: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбындағы бейнероликтерді марапаттады. Шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2023 жылдың 15 желтоқсанында аяқталды. Әрбір бейнеролик еліміздің тарихы мен рухының шынайы көрінісіне айналды.

 

Іс шара барысында студенттер мен оқытушылардың бірлесіп Флип-арт сурет салу арқылы Қазақстанның мемлекеттік туы бейнеленген ғажайып картинасын жасады. Бірлесе отырып Жаңа Қазақстанды жасау біздің қолымызда деген ойды түйіндейді. Бұл ұжымдық шығармашылық жұмыс еліміздегі бірлік пен мақтаныштың символы.

 

Ең үздік деген бейнеролик иегерлерін Тарих институтының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан жүрек жарды сөзімен марапаттады. Үздік деген бейнероликтер Филология институты «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығы, 3 курс, 310-топ студенттері; Тарих институты «Дінтану» мамандығы, 1 курс, 101 топ студенттері және Мустафа Жандос РКО-304 топ студенті болды.

 

Іс-шараның әрбір қатысушысына SDFAM кафедрасының атынан естелік сыйлықтар мен диплом берілді. Бұл Тәуелсіздік күнін мерекелеуге белсене атсалысып, үлес қосқандары үшін алғыстың белгісі болды.

 

Іс-шараны SDFAM кафедрасының аға оқытушылары Ж.Ж.Куанышбаева мен Е.Туралин ұйымдастырды.

 

Осы маңызды шараға қатысқандардың барлығына рақмет! Сіздердің ынта-жігерлеріңіз бен жасампаздық күш-қуаттарыңыз біздің тәуелсіз және гүлденген қазақстандық қоғам үшін мақтаныш сезімін тудырды. Алға Қазақстан!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=