қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.12.2023

Абай университетінің оқытушысы ММПУ-дың орыс тілін оқытудың үздік тәжірибелері конкурсының лауреаты атанды


2023 жылдың 14-16 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Умарова Ақмарал Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде (Мәскеу қ., РФ) өткен орыс тілін оқытудың үздік тәжірибелерінің халықаралық конкурсына қатысты. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь республикаларынан келген оқытушылар мен Ресей университеттерінің атынан шыққан 20 орыс тілін шетел тілі ретінде оқытатын оқытушылары конкурстың сырттай кезеңінің жеңімпаздары атанып, конкурстың соңғы бөліміне қатысуға шақырылды.

 

15 желтоқсанда конкурсқа қатысушылар Достастық елдерінде орыс тілін оқытудың заманауи талаптарына жауап беретін әдістемелік шеберлік сабақтарын ұсынды. Қазылар алқасының конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша А.Б. Умарова халықаралық конкурс лауреаты дипломының иегері атанды.

 

  alt=