қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.12.2023

Абай университеттің профессоры - «Айбоз» сыйлығының лауреаты

 

«Айбоз» ұлттық сыйлығы тікелей Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен қолға алынған бірегей жоба. Мақсат - отандық жазушылар мен баспагерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, жаңа қазақ әдебиетінің өкілдерін ынталандыру, насихаттау және сапалы туындылар жасауға ықпал ету.

 

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған ұлттық әдеби сыйлығы 7 номинация бойынша өткізілді. Әр номинация бойынша үздік атанған жеңімпазға 5 миллион теңге сыйақы тағайындалды.

 

Сонымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ғимаратында өткен марапаттау салтанатында «Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша жазушы, Абай университетінің профессоры Серік Асылбекұлының «Концерт» туындысы жеңімпаз деп танылды.

 

Жазушыны лайықты марапатымен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=