қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.12.2023

«Суретші әлемі» республикалық шығармашылық конкурс-көрмесі

 

2023 жылдың 20 желтоқсанында Өнер, мәдениет және спорт институты көркем білім кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдық мерейтойы мен қоғам қайраткері Т.Жүргеновтың туғанына 125 жыл толуына орай «Суретші әлемі» республикалық шығармашылық конкурс-көрмесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты - еліміздің институт және Қазақстанның басқа да ЖОО түлектері, суретші-педагог, кәсіби суретшілердің шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсыну және Темірбек Жүргеновтің ұлттық мәдениетке, ұлттық тәрбиеге қосқан үлесін дәріптеу. Көрмеге Өнер, мәдениет және спорт институты профессор-оқытушылар құрамы және Қазастанның әр облысынан педагог-суретшілер және кәсіби суретшілер қауымы қатысты. Үздік жұмыстардың авторлары сыйлықтармен марапатталды. Шығармашылық конкурс жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=