қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.12.2023

Абай университетінің студенттері «Күзгі натюрморт» конкурсында 1 орынға ие болды

 

2023 жылдың 30 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Литва мемлекетінің Вильнюс қаласында «Күзгі натюрморт» халықаралық сурет және қолданбалы шығармашылық конкурсы өтті. Конкурс нәтижесінде Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты студенттері «Сурет» номинациясы бойынша жүлделі 1-ші орынды иеленді. Олар - «Сән және дизайн» мамандығының 1 курс студенттері: Бахытбекқызы Жазира, Байбәкір Нұрай, Ғалым Айым, Манасбай Толғанай; 2 курс студенттері: Ижанаева Мөлдір, Доянбаева Акжан, Аяш Анель; «Сәулет дизайны» мамандығының 1 курс студенті: Ашимова Меруерт; «Бейнелеу өнері» мамандығының 4 курс студенті: Асылбек Алибек. Жетекшілері профессор - Жаманқараев Серғазы.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=