қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.12.2023

Халықаралық байқауға қатысушылардың біліктілігін арттыру курстары

2023 жылдың 5-19 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Үздіксіз білім беру орталығы «Bilim zhane Bolashak» Екінші халықаралық ҒЗЖ байқау қатысушылар және ЖОО оқытушыларға арналған «Академиялық жазба негіздері. Ғылыми мақаланы жазу» тақырыбындағы 72 сағаттық онлайн біліктілікті арттыру курстарды ұйымдастырды. Дәріскер - Исалиева Сауле, Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.


Курс бағдарламасы С.Т.Исалиеваның диссертациялық зерттеу аясында әзірленген және академиялық жазба, ғылыми зерттеу жүргізудің ғылыми ақпарат дереккөздерімен жұмыс істеу, халықаралық рецензияланатын журналға ғылыми мақала дайындаудың теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.

 

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар тапсырмаларды орындап, байқауға мақалалар ұсынды.

 

  alt=  

 

  alt=