қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.12.2023

Жапонияның білім беру жүйесі және оның балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі


Pedacademia және Booklover (кітапқұмарлар клубы) 12 және 22 желтоқсан күндері Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында қоғамдық дәріс өтті. Дәріс тақырыбы - «Жапонияның білім беру жүйесі және балаларды кітап оқуға баулу тәжірибесі». Дәріс спикері - М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Құдайберген Нұрбол.

 

Дәріске Алматы қаласы университеттерінің мұғалімдері мен студенттері қатысты. Шараның мақсаты - әлемде дамыған елдердің көш басында тұрған Жапония елінің білім жүйесімен танысу және үлгі болатын тұстарын үйрену, тәжірибеде қолдану.

 

Спикер Токио қаласындағы университеттер мен мектептердің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер мен ғылыми жаңалықтарын бөлісті. Қатысушыларға ой салып, Жапон елінің білім саласындағы жаңашылдықтарын игеруге шақырды. Еліміздегі білім беру саласында оқу сауаттылығын көтеруге және жас ұрпақты кітап оқуға баулуға қатысты кеңес беріп, ел игілігіне қызмет етуге шақырды.

 

  alt=