қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.12.2023

Абай университетінің ғалымдары Халықаралық конференцияға қатысты

 

2023 жылдың 19-21 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары профессор С.Д.Абишева, қауымдастырылған профессор Д.А. Сабирова, магистрлер Б.П.Абуова, А.У.Байбол, А.Б.Омарова «Достастық кеңістігіндегі мәдениетаралық коммуникация: ұрпақтар ауысуы контекстіндегі негізгі тенденциялар» халықаралық конференциясына қатысты, ол «Солтүстік-Оңтүстік» орталығы мен А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының қолдауымен ТМД кеңістігіндегі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі жылының шеңберіндегі іс-шаралар циклінің соңғы буыны болды.

 

20 желтоқсанда конференцияға қатысушылар Э.М. Афанасьева (Пушкин институты), Е.Р. Ядровская (А.И. Герцен атындағы РМПУ), С.В. Валюгин (Пушкин институты) әдеби пәндер бойынша шеберлік сыныптар өткізді.

 

21 желтоқсанда профессор С.Д.Әбішева Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының жұмысы туралы эко-презентация жасап, кафедра профессор-оқытушылар құрамының мықты ғылыми, оқытушылық әлеуетін, сондай-ақ жемісті жұмысының нәтижелерін көрсетті. Сондай-ақ, Помор университетінің (Слупск, Польша) визит-профессоры М.Пономаренко баяндама жасап, қонақтарды Абай орталығының қызметімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстан мен Польшаның көпжылдық нәтижелі ғылыми байланыстарының жемісімен таныстырды.

 

  alt=  

 

  alt=