қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.12.2023

Инклюзивті білім беру ортасын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету

 

2023 жылдың 21 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Инклюзивті білім беру ортасын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері мен тенденцияларына арналған халықаралық республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Джарасова, Savvy Business sLTD консорциумы мен National and Kapodistrian University of Athens (NKUA) жүзеге асыратын «Инклюзивті білім беру моделін дамыту және оқыту» жобасының үйлестірушілері, ELA Peer Learning Association сарапшысы (Болгария) «Әлеуметтік инклюзивтік бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының тең құрылтайшылары Салтанат Мургагалинова-Яковлева мен Лашын Төрегелдиева, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Айгүл Байтұрсынова, Абай атындағы ҚазҰПУ атынан Академиялық қызмет жөніндегі проректор Б.М.Нарбекова, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Х.Н. Жанбеков, Педагогика және психология институтының директоры Ғ.А.Абаев, арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі А.Н.Аутаева, университет оқытушылары, докторанттары қатысты. ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің BR 18574162 «Арнайы педагогтарды инклюзивті-бағдарлы оқыту» тақырыбындағы бағдарламалық мақсатты қаржыландыру жобасын орындаушы профессорлар Зульфия Мовкебаева және Ғалия Абаева жалпы білім беру ортасында ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдау үдерісін педагог кадрлармен қамтамасыз етудің жағдайы мен тенденциялары туралы зерттеудің аралық нәтижелерімен таныстырды. Дөңгелек үстел барысында педагогтарды қосымша оқыту, инклюзивті білім беруді дамытуға үкіметтік емес ұйымдарын, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктерін белсенді тарту мәселелері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=