қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.12.2023

«Jas Gala» жастар фестивалінде Aбай университеті студенттері топ жарды

 

2023 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен шығармашыл жастар арасында болған «Jas Gala» жастар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

Байқаудың мақсаты - шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау және олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамын қалыптастыру болды.

 

Салтанатты кешке маслихат депутаттары, мәдениет майталмандары мен қоғам қайраткерлері, қаламыздың белсенді жастары қатысты. Сондай-ақ, кеш қонақтары Индира Елемес, Rocknrolla Band, Dosekesh сынды өнер жұлдыздары болды.

 

Фестиваль барысында жастардың шығармашылық қабілеттеріне бағытталған «Вокал», «Хореография», «Мобилография», «Аспапта орындау», «Театр» номинациялары бойынша байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде шараға Алматы қаласының ЖОО студенттері қатысып, алғаш рет Алматылық ЖОО орындары арасында «Ең үздік студенттік топ» анықталды.

 

Сонымен қатар, фестиваль қорытындысы бойынша, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың өнерпаз студенттері де жүлделі орындарды иемденді. Олар: «Вокал» бағыты бойынша Жумакелды Мардана «1994» әнімен III орын орын иегері атанды. «Театр» бағыты бойынша Алпысбек Нұрбек «Мұхтар Шаханов Нарынқұм зауалы» шығармасымен III орынды жеңіп алды. «Хореография» бағыты бойынша Sheker би тобы «Самғау» шығармасымен ІІ орынды, ал «Мобилография» бағыты бойынша Әбіш Айшолпан «Қала өмірі» видеоролигімен III орынды қанжығасына байлады.

 

Дарынды және шығармашыл жастардың басын қосқан шарада топ жарып, өнерлерімен жүлделі орындардан көрінген студент-жастарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық жолда толағай табыстар тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент