қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.12.2023

Абай университетінің ғалымдары үздік ғылыми зерттеулері үшін атаулы сыйлықтармен марапатталды

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі үздік ғылыми зерттеулерді анықтауға және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға бағытталған 2023 жылғы конкурстың қорытындысын шығарды.

 

Абай университетінің Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығы дайындаған «Мұқағали тілі сөздігі» монографиясының авторлары -гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы атаулы сыйлыққа ие болды. Бұл маңызды еңбектің авторлары - Шерубай Құрманбайұлы, Жансейіт Түймебаев, Байынқол Қалиев және Сәбира Исакова. Түркітану орталығының жетекшісі - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы. Биылғы жылы Абай университеті ғылым мен білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін осымен екінші мәрте Ш.Уәлиханов атындағы атаулы ғылыми сыйлыққа ие болып отыр.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендия Абай университетінің үш ғалымына - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдумаувлен Бердышевке, PhD докторлары Жарасбек Байшемиров пен Айнұр Сейілханға берілді.

 

Бұл жетістіктер ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін көрсетеді және бүкіл ғылыми қоғамдастыққа білім мен инновацияның жаңа көкжиектеріне ұмтылуға ынталандырады. Лайықты марапаттар ғалымдардың жеке жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар жаңа кәсіби биіктерге жетуге және университет пен елдің дамуына бағытталған жалпы ғылыми әлеуеттің деңгейін көтереді.

 

  alt=     alt=  

 

  alt=     alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті