қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.12.2023

Ақсақалдар кеңесі құрылды

 

2023 жылдың 22 желтоқсанында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған тәжірибелі ғалым-ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды. Басты мақсат - әділдік пен сабақтастық мұраты жолында білім ордамызда қызмет ететін тәжірибелі ғалымдарды, ұстаздар қауымын, қоғам қайраткерлерінің басын қосып, осыған дейін де қоғамдық негізде жұмыс істеп келген Ардагерлер кеңесін «Ақсақалдар алқасы» деп қайта құру болды.

 

Іс-шара барысында Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп университетте ғылым, білім, халықаралық байланыс, әлеуметтік жұмыстар саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы перспективалармен бөлісті. Сөзін қорытындылай келе, аға буын ұстаздар қауымын білім мен ғылымды дамытуға күш салуға, студенттер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға, олардың арасында мейірімділікке, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеуге шақырды. Одан әрі шараға қатысқан ғалымдар ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау мен дамыту, жастарды білім мен мәдениетке белсендіру мақсатында бірқатар ұсыныстар айтты.

 

Іс-шара соңында ректор барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, оларға ізгі тілектерін білдірді. Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара мерекелік дастарханға айналды.

 

  alt=  

 

  alt=