қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.12.2023

Абай университетінің 20 ғалымы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

 


 

Абай университетінің ғалымдары «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының конкурстық іріктеуінен өтіп, олардың 20-сы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары атанды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жыл сайын еліміздің 500 ғалымы шетелде тағылымдамадан өтетіні атап өтілді. Бағдарлама бойынша грант иегерлерінің кезекті тізімі жарияланды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 20 ғалымы «500 ғалым» жобасы аясында шетелдің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-өндірістік орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант иегері атанды.

 

Абай университетінен үміткер ретінде ұсынылған 34 ғалымның 20-сы конкурстың барлық іріктеу критерийлері мен шарттарына толық сәйкес келеді: олар ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі, сондай-ақ өз саласы бойынша докторы, философия докторы (PhD) немесе магистр дәрежесіне ие. Олардың ғылыми зерттеулері өзекті болып табылады және Web of Science және Scopus сияқты халықаралық ғылыми басылымдардағы көптеген жарияланымдармен расталады.

 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша грантқа ие болған ғалымдар University of Illinois (АҚШ), The George Washington University (АҚШ), University of Reading (Ұлыбритания) сияқты әлемдік рейтингтерге енген шетелдің жетекші оқу орындары мен ғылыми орталықтарында кәсіби біліктіліктерін арттыратын болады.

 

 

 

 

 

Қоғаммен байланыс департаменті