қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.12.2023

Абай университетінің 10 үздік талантты жас ғалымдары

 

Ғылым мен білімді бір жүйеге келтірмей, үндестірмей, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екені анық. Бұл үрдіске біздің жас ғалымдарымыздың қолдауы шешуші рөл атқарады, өйткені олар отандық ғылымның көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, ғылым мен жоғары білімнің үйлесімді дамуына ықпал етеді.

 

Сіздердің назарларыңызға Абай университетінің үздік он жас ғалымдарын ұсынамыз. Олардың ізденістері мен таланттары ғылыми мұрамызды айшықтап қана қоймай, өз салаларында із қалдырып, ғылымның дамуына зор үлес қосуда.

 

Тілеуберді Ербол - PhD докторы, постдокторант, қауымдастырылған профессор. Жас ғалым ҚР Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінің (АРТА) ТОП-50 үздіктер қатарына кірді. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын AP19175900 «Жанғыш пайдалы қазбалардан сұйық отын алу және осы процестің қалдықтарын қайта пайдалану» (2023-2025 жж.) жобасының жетекшісі. Индекс Хирша - 7. 100-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде Scopus базасындағы 34 жарияланымның, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 39 мақаланың, 3 оқулықтың, 2 монографияның, 12 патенттің авторы.


2. Байшемиров Жарасбек - PhD, постдокторант, профессор. 2023 жылғы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. Индекс Хирша - 6. АР09058677 «Математикалық физиканың классикалық емес теңдеулері үшін шеткі есептердің дұрыстығын зерттеу» ғылыми жобаның жетекшісі. 60-тан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде Scopus базасындағы 20 жарияланымның, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарындағы 20 мақаланың авторы.

 

3. Сейілхан Айнұр - PhD, постдокторы, қауымдастырылған профессор м.а., 2023 жылғы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. «Болашақ» бағдарламасының аясында Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен. Индекс Хиршасы - 7. AP19178093 «Қазақстандық университеттерде Жасыл университет тұжырымдамасын тиімді енгізу жолдары» ғылыми жобаның жетекшісі. 80-нен астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 16 Scopus басылымының және ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарындағы 15 мақаланың, 1 монографияның авторы.

 

4. Лайсханов Шахислам - PhD, постдокторант, қауымдастырылған профессор. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының (2022 ж.) және талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия (2022 ж.) иегері. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2 жобаның жетекшісі. Индекс Хиршасы - 4. 60-тан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде Scopus базасындағы 11 мақаланың, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарындағы 15 жарияланымның, 1 монографияның, 1 электронды оқулық, мектепке арналған 1 атлас және жоғары оқу орындарына арналған 2 оқу құралының авторы. Университеттің Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы.

 

5. Үсенов Нұрбол - PhD, постдокторант, қауымдастырылған профессор м.а. Индекс Хиршасы - 3. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын АР13067931 «Жаңартылған мазмұндағы географияны оқытуда цифрлық геоақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздерін әзірлеу (жоғары сыныптар мысалында)» ғылыми жобаның жетекшісі. 40-тан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде Scopus және WoS базаларына кіретін журналдардағы 10 мақаланың, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарындағы 15 жарияланымның, 1 монографияның, ЖОО-ға арналған 3 оқулық, мектептерге арналған 1 оқулық авторы. Университеттің жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.

 

6. Шакирова Нуржанат - PhD, постдокторант, аға оқытушы. «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбындағы ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобасының жетекшісі. ЮНЕСКО қаржыландыратын «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» халықаралық жобасының орындаушысы. 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus базасында 3 мақала, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 10 жарияланым, 1 монография, екі тілде 11 сыныпқа арналған география оқулықтарына 2 әдістемелік нұсқаулық. Индекс Хиршасы - 1. Ғылыми зерттеулер саласы: тұрақты дамуға арналған білім, географияны оқыту әдістемесі, климаттың өзгеруін оқыту.

 

7. Алиасқаров Думан Тоқтарұлы - «География және экология» кафедрасының меңгерушісі, PhD. Осы жас ғалым «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2023» иегері атанды. Индекс Хиршасы - 3. «Жамбыл облысының шағын қалаларын тұрақты дамытудың тиімді модельдерінің тұжырымдамалық негізін құру» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобасының жетекшісі. 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 7 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 12 мақала, 1 оқу құралы, 2 монография, 1 авторлық куәлік, 3 енгізу актісі. Ғылыми зерттеулер саласы: қалалардың географиясы, урбанизация, жаһандану, тұрақты даму мақсаттары, географияны оқыту әдістемесі.

 

8. Рысхан Айнұр Рысханқызы - PhD, математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы. «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері (2022 ж.). AP14972818 «Жоғары ретті математикалық физиканың классикалық емес теңдеулерінің іргелі шешімдерін құру әдістерін әзірлеу» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасының жетекшісі. Индекс Хиршасы - 3. 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 9 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 7 мақала бар. Ғылыми қызығушылықтар саласы: жартылай дифференциалдық теңдеулер, гипергеометриялық функциялар, математикалық физиканың шеткі есептері.

 

9. Сабирова Дина Алтайқызы - постдокорнат, PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессорының м.а., 2022 жылғы постдокторантура бағдарламасының түлегі. «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері (2022 ж.). Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. АР13067661 «Қазақстанның интернет-әдебиеті: негізгі көркемдік үрдістер» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын жас ғалымдарға арналған жобасының жетекшісі. Джордж Вашингтон университетінің Abai Centre сайтында жарияланған ағылшын тіліндегі «The Stories of Modern Kazakh Prose» подкастының авторы. Индекс Хиршасы - 2. 75-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 7 ғылыми жарияланым, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 25 мақаланың, мектептерге арналған 6 оқулықтың, 2 монографияның авторы. Ғылыми қызығушылық саласы: замануи проза, әдебиеттану.

 

10. Садирбекова Динара - постдокторант, PhD. ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын АР19680443 «Қазіргі ЖОО-ның білім беру ортасын гибридті модельдеу» тақырыбындағы 2023-2025 жж. арналған жобаның жетекшісі. Университеттің «Студенттердің оқу және зерттеу қызметін цифрлық білім беру ортасында интеграциялау» тақырыбы бойынша ішкі ғылыми жобасының жетекшісі. Педагогикалық инновация мәселелері бойынша 30-дан астам ғылыми мақалалар мен жұмыстардың авторы, оның ішінде 6 оқу-әдістемелік құрал, сондай-ақ 2 авторлық куәлік, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 10 мақала бар. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары Web of Science (Хирш индексі h=3) және Scopus (индекс Хиршасы h=2) ғылыми-метрикалық базаларында индекстелген 6 мақалада жарияланған.

 

Аталған жас ғалымдар - Абай университетінің мақтанышы. Олардың таланты және ғылыми белсенділігі болашақ жас ғалымдар үшін шабыт берері сөзсіз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=