қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.10.2017

 

ҚазҰПУ командасы ЖОО оқытушылар арасындағы Спартакиада  сайысында  1-ші орынды иеленді


«Спорттық Алматы» қалалық бағдарлама аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешенінде Алматы қаласының ЖОО оқытушылар арасында Спартакиада өтті.


Спартакиада спорттың келесі түрлері бойынша өткізілді: мини-футбол, тоғызқұмалақ, қол күрес, арқан тарту, шахмат және гір көтеру.


Аталмыш шараның басты мақсаты Алматы қаласының жоо -ның оқытушылар арасындағы ең үздік командаларды анықтау, жоғарыда аталып өткен спорт түрлерін жалпыға насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберліктерін жоғарлату, мықтыларды анықтау және қаладағы көпшілік спорттық жағдайды жақсарту.


Спорт жарыстары қаланың жоғары оқу орындарында сабақ беретін ерлер мен әйелдердің қатысуымен өтті. Регламентке сәйкес, әрбір командада спорт түрлері бойынша, футбол және гір көтеруден басқа, 3-4 әйел өкілі болуы керек.


Қаланың 8 жоғары оқу орнынан 100-ге жуық оқытушы үздік деп танылды. Бұл күрделі күресте Абай атындағы ҚазҰПУ командасы жалпы командалық есеп бойынша жеңіске жетті. Екінші орын ҰҚК ШҚ Академиясының қызметкерлеріне берілді, үшінші орынды Нархоздың оқытушылары иеленді.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды, сондай-ақ ұйымдастырушылардың тарапынан арнайы сыйлықтар алды.

 

     

 

    

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім