қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.02.2024

Постдокторанттардың 2024 жылға жоспарлары талқыланды

 

2024 жылдың 9 ақпанында Ғылым департаментінің директоры, профессор Ұ. Әбдіғапбарованың бастауымен Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанттарымен кездесу өтті. Кездесуде постдокторанттардың 2024 жылда атқаратын міндеттері мен тапсырмалары талқыланды, Постдокторантура туралы жаңа ереже таныстырылды.

 

Профессор Ұ. Әбдіғапбарова ғылымға ұмтылатын жастар үшін постдокторантураның маңыздылығын айтып, Абай атындағы ҚазҰПУ республикада постдокторлық бағдарламаны енгізген алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен, 2023 жылы постдокторанттардың екінші легі керемет нәтижелермен бағдарламаны аяқтады.

 

Қазіргі постдокторанттар да үздік нәтижелер көрсетуде: Ж. Байшемиров талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия алды, постдокторанттар Е. Тілеуберді, Д. Садирбекова, Ж. Жумабаева 2023 жылы ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобаларын жеңіп алды, ал Е. Тілеуберді ҚР ПОҚ ТОП-50 тізіміне енді. Сондықтан оларға университеттің білім алушылары мен жас оқытушыларына тәжірибе алмасу бойынша ерекше жауапкершілік жүктеледі. 2024 жылы постдокторанттар негізгі 4 модуль: 1)Scopus, WoS халықаралық базаларында іздеу, іріктеу және жарияланымдар; 2) ҚР ҒЖБМ гранттық, бағдарлы-нысаналы қаржыландыру жобаларының конкурстық құжаттамасын түсіндіру; 3) халықаралық ынтымақтастықтар желісін кеңейту мақсатында халықаралық сарапшыларды, ғалымдарды тарту және 4) Startup (стартап) жобаларын қалыптастыру және ұсыну, бойынша вебинарлар мен семинарлар сериясын өткізужоспарланған. Сонымен қатар, Ғылым Декадасының іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. тапсырылды.

 

Барлық постдокторанттарға ғылымда табыс және қойылған міндеттердің жемісті шешілуін тілейміз!

 

  alt=