қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.02.2024

Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фағанимен кездесу

 

2024 жылдың 9 ақпанында Иран Ислам Республикасының Ұлттық күні мен Ислам Революциясының 45 жылдық мерейтойына орай Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағанидің арнайы шақыртуымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков және осы кафедра оқытушысы Нұрлан Орынбеков салтанатты қабылдауына қатысты. Салтанатты шараға екі елдің сыртқы істер министрліктерінің өкілдері де қатысты. Кездесуде Иранның соңғы жылдардағы жетістіктері мен екі елдің қарым-қатынасы талқыланды. Екі мемлекет арасындағы достық, құрмет, парасат пен ынтымақтастықтың айғағына айналған шара аясында Иран Ислам Республикасының ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі де болып өтті. Иранның Бас консулы Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту өз мемлекетінің сыртқы саясаты саласындағы басымдықтардың бірі ретінде қарастырылатынын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=