қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2024

Абай университетінің студенті - самбодан турнир чемпионы


Минскіде (Беларусь) өткен ересектер арасындағы самбодан халықаралық турнирде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының 4-ші курс студенті Нұрсұлтан Нұрсейітов 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атағын жеңіп алды. Жеке бапкері - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Абай университетінің профессоры Еркін Сайдақов.


Нұрсұлтан Нұрсейітов мықты қарсыластарымен жекпе-жекте бірқатар әсерлі жеңістерге қол жеткізіп, шеберлік пен күрес дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Оның халықаралық аренадағы жеңісі ерік - жігер мен табандылықтың тамаша үлгісі болды.


Нұрсұлтанды лайықты жеңісімен құттықтай отырып, жаңа спорттық жеңістер тілейміз.

 

  alt=