қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2024

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы филиалының ашылуы


2024 жылдың 9 ақпанында А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының филиалы ашылды. Филиалдың қызметі ғылыми-әдістемелік, тәжірібелік байланыс орнатуға, кәсіби және мәдени іс-әрекеттерді қолдау арқылы өзара түсіністік пен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағыталған.

 

Филиалдың салтанатты түрде ашылуына №153 мектеп-гимназиясының директоры Умаров Ш.Н., мектептің мұғалімдері мен оқушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Х.Н.Жанбеков, Филология институтының директоры А.В.Таңжарықова, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.Ә.Найманбаев, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева және ф.ғ.к., доцент Р.У.Арзиев қатысты.


Филиал ашудағы басты негіздемелер мектепте тілдік пәндерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, мектеп базасында лингвометодика мен шығыс және батыс тілдерінің өзекті мәселелері бойынша әдістемелік семинарлар, педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу, жыл сайынғы педагогикалық практиканы өткізу үшін база ұйымдастыру болып табылады.


Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы мен А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясы арасындағы ынтымақтастығымыз нығая береді деп сенеміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=