қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2024

Университет пен мектеп арасындағы байланыс тереңдей түсті

 

2024 жылдың 9 ақпанында Филология институтының академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы институттың даму стратегиясының басым бағыттардың бірі университет пен мектеп арасында тығыз байланыс орнату жұмысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы білім басқармасының «№122 ЖББМ» мекемесімен екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум барысында «№122 ЖББМ» мекемесі базасында академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының филиалы ашылды.

 

Меморандумның мақсаты - мектеп пен университет арасында тығыз байланыс орнату, мектепте бейіндік пәндерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, ынтымақтастық шеңберінде бірлескен баспа еңбектерін басып шығаруда кафедра өкілдерінің мектепке қолдау көрсету, бірлескен интеграцияланған оқу бағдарламаларын, интеграцияланған жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және құру, пән мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу; «Көркем мәтінді әдеби талдау», «Толық адам» ілімі және бүгінгі жастар атты тақырыпта дәріс, семинар, шығармаларды талдау ұйымдастыру, Мектеп мұғалімдеріне «Академиялық жазылым» пәні бойынша дәріс оқу сияқты бірнеше жұмыстарды жүзеге асырады.

 

Кафедраның ашылу лентасын қиған Абай университеті оқу бөлімінің басшысы Балахметова Гульнар, Филология инстиутының директоры Танжарикова Алуа, институт директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Найманбаев Алмас, академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Оспанов Еділ  және «№122 ЖББМ» мекемесінің директоры Жанысбай Талғат іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=