қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.02.2024

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясындағы филиалының отырысы өтті

 

​Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясындағы филиалында әдістемелік отырысы өтті. Кафедра филиалы 2017 жылы ашылып, содан бері әртараптандырылған жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Атқарылған жұмыстар туралы PhD докторы, педагог-шебер А.С. Нүсіпбекова баяндама жасады.

 

Кафедра меңгерушісі, профессор С.Д. Абишева Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының қызметімен таныстырса, PhD докторы Г.А. Қуатова мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңғырту және орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» жетілдіру курстарының пилоттық бағдарламасы туралы айтты. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының директоры А. В. Танжарикова, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған мектеп-гимназия директорының орынбасары Б.К. Құмарбекова, кафедра оқытушылары және гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=