қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.02.2024

Сапалы білім - сапалы адами капитал

 

2024 жылдың 14 ақпанында «Сапалы білім - сапалы адами капитал» тақырыбында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен алқасының кеңейтілген отырысы өтті.

 

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары, Министрліктің ҒЗИ және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, мектеп мекемелерінің директорлары қатысты.

 

Саясат Нұрбек өз баяндамасында 2023 жылғы жетістіктерге егжей-тегжейлі тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын негізгі міндеттер мен бағыттарды ұсынды. Министр өз баяндамасында бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы өткен жылы 20%-ға, магистратура мен докторантура - 15%-ға өскенін, сондай-ақ биыл да ұлғаю жоспарланғанын атап өтті. Қазақстанның ғылымы мен ғалымдарын насихаттау, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын дамыту және білім беру саласын цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2023 жылға арналған мақсатты нәтижелерге қол жеткізіліп, 2024 жылға бірқатар міндеттер қойылғаны, оны жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Сондай-ақ, мамандарды даярлау және педагог кадрларды қайта даярлау сапасын арттыру бойынша атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыс жоспарлары атап өтілді.

 

Алқа отырысында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында еліміздегі орта білім беру саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу, жаңа формациядағы педагогикалық кадрларды даярлау, кадрларды қайта даярлау бағдарламасын күшейту, үздіксіз біліктілікті арттыру механизмдерін және PGCI бағдарламаларын іске қосу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, ректор болашақ педагогтың кәсіби жауапкершілігін көтеру, білім сапасын арттыру, Абай университеті мен мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Педагогикалық сынып», Honors College жобаларына тоқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=