қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.02.2024

«Әр өлеңі - бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеші


Жаратылыстану және география институтында «Химия» кафедрасының магистр оқытушысы, топ эдвайзері Нүсіпақынова Маржан, «6В05301-Химия» мамандығы 1 курс 8 топ студенттерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Әр өлеңі - бір әлем» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.


Кештің мақсаты - студенттердің ақын шығармалары арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, студенттер бойындағы талантын ашуға ықпал ете отырып, М.Мақатаевтың поэзиясының өміршеңдігін көпшілік назарына ұсыну.


Кеште студенттер М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы көріністермен бірге әсем әндерін қалың көпшілікке тарту етті. Сондай-ақ ақын шығармаларына сусындап өскенстуденттеріміз өз шығармашылқтарынан өлеңдерін оқыды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=