қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.02.2024

Абай университетінің студенттері «Asia Zangeri» конкурсында 2-ші орынға ие болды

 

  alt=  

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Сот әкімшілігі ұйымдастырған 2023 жылдың қараша айында басталған « Asia Zangeri» ойын сот процесінің 3 кезеңдік республикалық конкурсы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

 

Жалпы финалға 167 команданың ішінен үздік 10 команда ғана өтті. Оның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Құқықтану» мамандығының 3-4 курс студенттерінен құралған №90 және №115 екі команда финалға жолдама алған болатын. 2024 жылдың 9 ақпанында өткен финалда №90 команда мүшелері Шамет Дания, Кабылова Айым, Боханова Айдана 2-ші орынды иеленіп, 700 000 теңгенің сертификатына ие болды. Екінші команданың мүшелері Жұмаділдинова Аружан, Абақан Ақнұр, Ален Абылай 98 ұпаймен Maqsut Narikbayev University командасынан 1 ұпайға төмен алып, 3-ші орынға ие болды.

 

Еліміздің жоғарғы соттары ұйымдастырған конкурста 2-орынды жеңіп алып, жоғары кәсіби мамандардың алдында сот ісін жүргізу - барша студенттердің жадында мәңгі сақталатын баға жетпес жетістік.

 

 

15.02.2024ж.

Ақпарат көзі: Janalyq.Asia