қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.02.2024

Постдокторанттардың жылдық аттестациясы өтті

 

2024 жылдың 14 ақпанында 7 постдокторант: Тілеуберді Ербол, Үсенов Нұрбол, Шакирова Нұржанат, Оспанқұлов Ернар, Садирбекова Динара, Нишанбаева Сабира және Байшемиров Жарасбек постдокторлық бағдарламаның екінші жылын сәтті аяқтап, жылдық аттестаттаудан өтті.

 

Постдокторантураның екінші жылында оқып жатқанына қарамастан, постдокторанттар өздерінің жоғары нәтижелерімен қуантты: Тілеуберді Ербол ҚР Бас рейтингінің ТОП-50 үздік профессор-оқытушылар құрамының тізіміне енді, Жарасбек Байшемиров дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері атанды. Бір жыл ішінде постдокторанттар Scopus және WoS базасының рецензияланатын журналдарында 21 мақала жариялады, оның ішінде CiteScore бойынша жоғары процентильді журналдарда 16 жарияланым (процентилі 50-ден және Q1, Q2-ден кем емес) есептеліп отыр. ҚР ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 21 ғылыми мақала жарық көріп, ал оқу-әдістемелік құралдар мен монография саны - 6-ға жетті. 7 постдокторанттың 5-еуі ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру есебінен орындалатын ғылыми жобаларының жетекшілері болып табылады. Бұл нәтижелер университеттің зерттеу әлеуетін арттыруға, сондай-ақ оның әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыруға оң әсерін беруде.

 

Постдокторанттардың небәрі 1 жылдағы нәтижелеріне қарап, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторлық бағдарламасы жас зерттеушілер үшін олардың зерттеу әлеуетін, метрикалық деректерін арттыру, кәсіби дағдыларын кеңейту және өздерінің ғылыми салаларында көрнекті нәтижелерге қол жеткізу үшін бірегей платформа болып табылатынын сенімді түрде атап өтуге болады.

 

Постдокторанттарға ары қарай да шығармашылық табыс пен нәтижелі ғылыми жетістіктер тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=