қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.02.2024

Қазақстан биоалуантүрлілілгін сақтау ассоциациясы студенттерге арнап дәріс өткізді

 

2024 жылдың 14 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында Қазақстан биоалуантүрлілілгін сақтау ассоциациясы мамандары, Тұрақты дамудың 15-мақсаты - Құрлық экожүйелерін сақтау негізінде, «Құстар. Зерттеу және сақтау» тақырыбында «Биология» білім беру бағытында оқитын 1-ші курс студенттеріне дәріс өткізді.

 

Қазақстан биоалуантүрлілілгін сақтау ассоциациясының Қолданбалы биология орталығының маманы Талғат Кисебаев студенттерге Қазақстандағы құстардың алуан түрлілігі, оларды зерттеудің заманауи әдістері туралы айтып берді, сонымен қатар фотосуреттер арқылы құстарды санау бойынша интерактив жүргізді. Ассоциацияның жетекші маманы Эльмира Мұстафина «Students for Nature» жобасы жайлы баяндады. Бұл жоба аясында Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері құстарды бақылау және санау бойынша шеберлік сабақтары мен тренингтерге қатыса алады. Бұл дәріс жаратылыстану ғылымдары бағытында оқитын білімгерлердің елімізде табиғатты қорғаудың басымдықтары туралы танымдарын арттыруға және құстарды зерттеуге қызығушылық танытатын студенттерді «Students for Nature» жобасына тартуға бағытталған іс-шаралар сериясының бөлігі болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=