қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.11.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры студенттермен кездесті


2017 жылдың 6 қараша күні Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Такир Балықбаев студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет студенттерінің оқу үлгерімі мен оқудан тыс уақыттағы тәртібі туралы мәселе сөз болды. Ректор студенттерге университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласуы олардың жан-жақты интеллектуальді дамуына зор ықпал ететініне тоқталды. Сонымен қатар студенттердің сабаққа қатысуы мен қысқы сессияның қалай өтетіні туралы да баяндап берді.
Студенттер өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын ректорға жолдап, тұшымды жауаптар алды. Студенттердің көпшілігі университетте мәдени іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса деген тілектерін де жасырмады. Сөз соңында университет ректоры Такир Балықбаев студенттердің барлық тілектері алдағы уақытта толықтай орындалатынын, сонымен бірге тұңғыш жоғары оқу орынының студенттері белсенді де білімді болу керектігін міндеттеді.
Кездесуге оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмұрзаев, тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев және тәрбие басқармасының бір топ белсенді жастары қатысты.

 

 

  

 

    

 

  


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім